"Бірге ішімдік ішкен". Астаналық тұрғынды жаңадан танысқан адам тонап кеткен

"Бірге ішімдік ішкен". Астаналық тұрғынды жаңадан танысқан адам тонап кеткен
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астаналық тұрғынды жаңадан танысқан адам тонап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, оның шотынан ақша ұрланғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол сол жақ жағалауда орналасқан кафелердің біріне уақыт өткізу үшін келгенде бейтаныс ер адаммен танысқан. Екеуінің арасында әңгіме өрбіп, бірге ішімдік ішкен.

Отырыс барысында қаскүнем қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы 289 мың теңгені өз шотына аударып, мекемеден кетіп қалған.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина