Қостанайда әйел есірткі сататын дүкендерді жарнамалаған

Қостанайда полицейлер есірткі жарнамасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

34 жастағы жергілікті тұрғын телеграмм арналардың бірінен заңсыз жұмыс тапқан. Дәл сол жерде ол сыйақы шарттары мен жалақы туралы арна әкімшісімен хат жазысқан.

"Әйел есірткі сататын интернет дүкендердің жарнамасын облыс орталығының ғимараттарында аэрозольдік бүріккіштермен жазған. Ол мұндай іспен Көкшетау қаласында да айналысқан. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Есірткі құралдарын насихаттағаны үшін ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, әйелмен бірге тұратын адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!