Астанада велосипед ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды

Астанада велосипед ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды
Фото: Polisia.kz

Астанада велосипед ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаумен айналысқан 18 жастағы жасөспірімді анықтады. Бұған дейін полицияға қала тұрғыны арызданып, оның үйіне кіре берісінен белгісіз біреу құны 100 мың теңге тұратын Kronus велосипедін ұрлап кеткенін айтқан.

Күдікті түнгі уақытта Момышұлы даңғылындағы үйдің кіреберісінде оңтайлы сәтті пайдаланып, көлік бекітілген кабельді кесіп иеленгені анықталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрын елордада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина