"Құрылысқа жұмысқа кірген бе?" Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады

"Құрылысқа жұмысқа кірген бе?" Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады
Фото: скрин

TikTok-та Бекболат Тілеуханның Түркия бір топ азаматпен тамақтанып отырған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода бір топ азамат жерге дастархан төсеп отыр. Бекболат Тілеухан төрде отыр.

"Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?", - дейді Тілеухан түрік тілінде.

Видеоға желі оқырмандары түрлі пікір жазған. 

"Тілеуханға не болып кеткен? Құрылысқа жұмысқа кірген бе?"

"Әй, өмір-ай десеңші, кешегі қазақтың мен деген бетке ұстар азаматының бүгінгі жағдайы, ортасы... Кімді кінәлаймыз бұған, дінмен, жемқорлықпен, жағымпаздықпен адасушылыққа ұштасқан сайқал саясат па..."

"Малдас құрып, төрінде кілемнің көрпенің үстінде отыратын қазағым ай, көк цементтің үстінде тар жерде қыстырылысып отырған түрлерін-ай", - дейді желі қолданушылары. 

@alatau_serileri #бекболаттілеухан #istanbul #алатаусерілері #fypシ ♬ оригинальный звук - Alatau serileri

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина