Есірткіні пошта арқылы косметика деп жасырып өтпек болған адам ұсталды

Аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Іле ауданындағы "Қазпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!