Қуанышбек Есекеев жаңа қызметке тағайындалды

Қуанышбек Есекеев жаңа қызметке тағайындалды

Қуанышбек Есекеев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды".

Қуанышбек Есекеев 2010 жылдан бері "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы болған. 

Туған жылы: 10 маусым, 1975. Туған жері - Алматы қаласы. Білімі: 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.

2001 – 2002 Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы. Мамандығы: Менеджмент.

"Қазақойл" ЖАҚ-ының, "Қазақстан темір жолы" РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина