12 жастағы бала ғана аман қалды: Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.

Nissan Primera жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!