Тағы бір петиция 50 мың қол жинады

Тағы бір петиция 50 мың қол жинады
Фото: ru.freepik.com

"E-Petition.kz" ресми порталында тағы бір петиция 50 мың қол жинады. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми порталда "Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз" петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады.

"ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова