Маңғыстау облысында мектеп оқушылары жол апатына ұшырады: екі бала қаза тапты

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік ішінде 8, 9-сынып оқитын төрт бала болған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Екі оқушы оқиға орнында қаза тапқан. "Қалған екі оқушының біреуі реанимацияда, жағдайы ауыр. Біреуі үйіне жіберілді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!