32 жастағы әйел Каспийге батып кете жаздады

Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 маусым күні Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді судан құтқарды.

"Медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!