Павлодарда құтқарушылар үш жасар егіздерді құтқарды

Жабық пәтерде жалғыз қалып қойған бүлдіршіндер аман-есен ата-анасына берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде үшінші қабатта орналасқан пәтерде ата-анасының қарауынсыз 2021 жылы туған егіздер қалып қойған. Олар қалған темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-аналарына берілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!