Астанада бөтеннің бренд сөмкесін ұрлаған Қырғызстан азаматшасы ұсталды

Астанада бөтеннің бренд сөмкесін ұрлаған Қырғызстан азаматшасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу оның 200 мың теңге тұратын брендті сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан республикасының азаматшасын анықтады.
Тергеу барысында, әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды.

Жәбірленушінің орындықтардың біріне сөмкесін қалдырып, ойын алаңына кеткенін байқаған қаскүнемде қылмыстық ой туындайды. Ол қолайлы сәтті пайдаланып Місhael Коrs брендінің сөмкесін алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Әйелдің елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!