Алқабилер соты бірнеше рет пара алды деп айыпталған "Қазселденқорғау" экс-басшысын ақтап шығарды

Алқабилер соты бірнеше рет пара алды деп айыпталған "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты ақтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).  Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі).  ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі)", - деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі. 

Сот 2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алған. Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша бергенін анықтады. Ал сотталушы П., ЖШС директоры бола тұра, жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен):

  • К. өзіне тағылған айыптар бойынша ақталды.
  • ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.
  • П. ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизодқа бойынша ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабының 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдірілуі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!