4 жыл бойы полициядан жасырынған: Астанада ресейлік ұсталды

Астанада ауыр қылмыс жасағаны үшін төрт жылдан астам іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

"42 жастағы айыпталушы Ставрополь қаласында болған кезде алдын ала сөз байласқан адамдар тобында әйелді ұрып-соғып, зорлағаны анықталды. Содан кейін қылмыскерлер пышақ қолдану қаупімен жәбірленушінің мүлкі мен құжаттарын иемденді. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің үш бабы жүктелген: қарақшылық, зорлау және тонау", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз