Қостанайда жалған хабар таратқан 9 жастағы бала жазаланады

Қостанайда жалған хабар таратқан 9 жастағы бала жазаланады
Фото: polisia.kz

Қостанайда бомба мен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түсті. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жастағы баланы анықтады. Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады", - деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан