Абай облысында биыл 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр

Абай облысында биыл 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр
Фото: Абай облысы әкімдігі ұсынған сурет

Бұл 3882 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өтті.

Биыл жалпы ауданы 119,3 мың шаршы метр (1328 пәтер) 23 кредиттік үй салынып жатыр, оның 21 -і Семейде болса 2 -і Аягөзде. Сондай-ақ, Семейде жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 165,2 мың шаршы метр (1984 пәтер) 22 коммерциялық үй салынып жатыр. 

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) - 109,8 мың шаршы метр(570 үй). Оның ішінде тұрғындар есебінен 56 мың шаршы метр (300 үй) салынып жатыр. 
 

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалпы ауданы 53,8 мың шаршы метр болатын жалға берілетін 896 пәтер сатып алу жоспарланып жатыр. Бұған 2024 жылы 13,9 миллиард теңге бөлінді. Тұрғындардың жалға берілетін үйлердің сапасы туралы көптеген ескертуіне жауап ретінде сатып алынатын тұрғын үй құрылысының үлгілік жобасы бекітілді.

Абай облысы әкімдігі ұсынған материал

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz