Ақмола облысында кеншілер 8 тоннадан аса алтын ұрлаған

Ақмола облысында кеншілер алтын ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Степногорск қаласының прокуратурасының үйлестіруі нәтижесінде биыл сәуірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі алтын ұрлаған 3 заңсыз барлау бригадасының қызметін тоқтатты.

Операция барысында кен өңдеу бойынша 3 шағын цех, құрамында 8 тоннадан астам алтын бар концентрат және бірнеше ондаған контрафактілік және зергерлік бұйымдар жиынтығы тәркіленді.

Биыл полиция қызметкерлері 400-ден аса қара іздеушіні ұстады және жауапқа тартты, сондай-ақ, 8 қылмыстық іс тіркелді.

Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және бақылауда.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз