Қара түтін жұртты шошытты: Алматыда қойма өртенді

Қара түтін жұртты шошытты: Алматыда қойма өртенді
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда қойма өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Жетісу ауданында өртсөндірушілер қоймалардың біріндегі өртті сөндірген.

Ал қала тұрғындарын қалың қара түтін шошытқан.

"Құтқарушылар шақырылған сәттен бастап 30 минут ішінде өрт ауыздықталды. 230 шаршы метр аумақ жанған", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова