Өскеменде 21 жастағы есірткі ораушы ұсталды

ШҚО полицейлері синтетикалық есірткі ораушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскеменде жедел уәкілдер интернет дүкеннің 21 жастағы есірткі ораушысын ұстады. Полиция қызметкерлері тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 500 грамм болатын ақ түсті ұнтақ зат, яғни мефедрон тәркіледі.

Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 60-тан аса деректі анықтаған. Оның 52-сі өткізу мақсатында. Заңсыз айналымнан 46 келіден аса есірткі тәркіленді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!