59 жастағы ер адам құс тұмауынан қайтыс болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мексикада құс тұмауының жаңа штамынан қайтыс болған алғашқы жағдайды растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

59 жастағы жергілікті тұрғын бұл ауру вирусын жұқтырған. 

17 сәуірде ер адамда дене қызуы көтеріліп, жүрек айну, диарея, ентігу сынды жайсыздық сезініп, әлсіздік пайда болды. 24 сәуірде ол Мехикодағы Ұлттық респираторлық аурулар институтына жатқызылып, сол күні қайтыс болды.

Сынақ нәтижелері пациенттің H5N2 кіші типті құс тұмауын жұқтырғанын көрсетті, ол бұрын адамдар арасында тіркелмеген.

Алайда мексикалықтың бұрын құспен немесе басқа жануарлармен байланысы болмағаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!