Астанада Құрбан айтта құрбандық шалатын орындар анықталды

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалатын орындар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитариялық нормалар сақталуы тексерілді.

Биыл 17-19 маусым аралығында қасиетті Құрбан айт мерекесі атап өтілуіне байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

  • "Шанхай" базары
  • "Баракат" базары (А-369 көшесі, 10)
  • "Жайлау" базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
  • "Шолпан-ата" базары (Алаш тасжолы, 27/2)
  • Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Малдың иелері, мал соятын орындардың сатушылары мен иелерінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау сұралады. Мәселен, ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында ғана мал сойылуы керек.

"2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады", - деді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесінің басталуы 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!