Корея президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!