"Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа үкім шығарды.

"Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтағы құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!