Әнші Ернар Айдардың тағы бір концертінде күлкілі жайт болды

Әнші Ернар Айдардың тағы бір концертінде күлкілі жайт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші парақшасына жариялаған видеода өнер иесінің тыңдарманы сахнаға жақындап, әншінің маңдайындағы терін сүрткенін көруге болады. Одан кейін ол Ернар Айдардың бетінен сүйіп, көпшілік алдында ақ батасын берген. 

"Ағаң енді беторамалды жумай ұстайтын болды"

"Елдің сүйікті ұлы бол! Жарайсың!"

"Кішкене балаша көзін жұмғаны қандай" 

"Қарапайым халық деген осығой міне, көке, 100 жасаңыз. Ернар бауырым, қанатың талмай самғай бер, тек жақсылықта жүруді нәсіп етсін", - дейді әншінің оқырмандары.  

Еске салайық, бұған дейін әнші Ернар Айдардың концертінде әжей халыққа ұрсып тастаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!