Павлодарда жол апаты салдарынан көлік өртеніп кетті

Павлодарда "Ленинск - Ақсу" автожолында жеңіл көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенген.

Өрт шақыру түскеннен бастап 19 минут ішінде сөндірілген.

Құрбандар жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз