Алматыда автобустарда ұрлық жасап жүргендер ұсталды: ең үлкені 42 жаста

Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілерді қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Бостандық және Жетісу аудандық полиция басқармасындағы әріптестерінің көмегімен ұстады.

Күдіктілер негізінен қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген.

"Оңай ақшаны жақсы көретіндердің ең үлкені 42 жаста, ең жасы 32 жаста. Олар автобус жолаушыларынан ұрлап алған гаджеттерді сатып үлгермеген. Айғақты заттар тәркіленді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады. Олардың жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!