Әні әлемге әйгілі болып кеткен әнші Adam марапатталды

Әні әлемге әйгілі болып кеткен әнші Adam марапатталды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Әні әлемге әйгілі болып кеткен әнші Мирфарух Мирхидай марапатталды. Ол Adam лақап атымен белгілі әнші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Сыртқы істер министрлігінің марапатына ие болды. 

Мирфарух Мирхидайға марапатты сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу табыстады.

"Сіздің жаһандық қатынастарды жақсарту, мәдени алмасуды ілгерілету және өзара түсіністік көпірлерін құруға деген бейілділігіңіз Қазақстанның халықаралық аренадағы дипломатия мен бейбітшілік жайлы пайымымен толықтай үйлеседі", - деп жазылған сертификатта. 

Айта кетейік, қазақстандық әнші ADAM әлемдік музыкалық рейтингте көш бастап, "Zhurek" әні Италия, Вьетнам, Марокко, Албания, Германия, Украина, Армения және т.б. елдерде топ-чарттарда алдыңғы орынды бермеген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина