Алматыдағы бір ауданда суық су өшеді

Алматыдағы бір ауданда суық су өшеді
Фото: depositphotos.com

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 12 маусымда сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов – Лобачевский – Сейфуллин – Ақпаев көшелерінің контурында суық су беру уақытша шектеледі.

Жұмыс барысында Түрксіб ауданының Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – Жансүгіров көшесінің контурындағы су қысымы төмендейді.

"Бекіткіш арматураны және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау бұл учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар үшін автоцистерналармен су тасымалданады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз."Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66", - деп жазылған "Алматы Су" МКК хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова