"Бұл туралы ешкім білмеді". Танымал блогер күйеуінен қорлық көргенін айтты

"Бұл туралы ешкім білмеді". Танымал блогер күйеуінен қорлық көргенін айтты
Фото: instagram.com/cupidon_nurka

Әлеуметтік желіде cupidon_nurka лақапатымен танымал блогер күйеуінің қол көтергенін айтып, жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер осы уақытқа дейін күйеуінің бұл қорлығына шыдап келгенін айтты.

 "Алдыңғы ажырасқан кезімде ұру туралы айтпаған едім. Бұл жолы бар шындықты айтып, бір-ақ ажырасайын дедім. Осыған дейін мен "ажырасамын" деген емеспін. Бүгін шешім қабылдадым. Достарым да таңғалып жатыр. Бұл туралы ешкімге айтпадым. "Қойшы, күйеуім ғой, кімді ұрмай жатыр қазіргі заманда" деп айтпасам болмады", - деді ол.

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасын хайпқа баласа, енді бірі ақыл-кеңесін жазып, қолдау білдірді.

"Баяғы әдеттері ғой, контенттерін дамыту үшін", "Уайымдама, бәрі жақсы болады", "Барлығы сценарий, рейтинг үшін ғой", "Сен де оңып тұрған жоқсың", "Өзіңде де бәле бар ғой", "Шыдап керек емес, өзіңді ойла", "Өтірік қой, осыған сеніп отырсыңдар ма", - деп жазды олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы