Жетісу облысында аудан әкімі әкімшілік жауапқа тартылды

Жетісу прокурорлары аудан әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 137-бабы).

Прокурорлар 120 гектар жер шаруа қожалықтарына конкурссыз берілгенін (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу) анықтады.

"Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ, жер заңнамасын бұза отырып берілген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!