Газ плитасында тамақ қалып қойған: Атырауда сегіз айлық сәби құтқарылды

Атырауда өртсөндірушілер сегіз айлық сәбиді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін Атырау қаласында болды.

"6 қабатты тұрғын үйде газ плитасында тамақ қалған, соның салдарынан қатты түтін пайда болған.
Пәтер есігі сыртынан құлыпталуына байланысты ТЖМ құтқарушысы 1-МӨСБ бөлімше командирі Азамат Құрманиязов баспалдақ маршымен 2023 жылы туған баланы құтқарды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!