Павлодар облысында құны 5 миллиард теңге болатын жер қайтарылды

Павлодар облысы Аққулы ауданы прокуратурасы құны 5 миллиард теңгенің жайылымдық жерін халыққа қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының прокуратурасы мәліметінше, жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан немесе заңды бұза отырып пайдаланылған 36 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер анықталған.

Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

"Елді мекендердің 24 мың гектарға жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. Прокуратураның актісі бойынша кадастрлық құны 5 миллиард теңге болатын 4 мың гектардан аса жайылым халыққа қайтарылды", - деп жазылған ведомство хабаралмасында.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!