Атыраулық құтқарушылар тұрғындарды қайықпен эвакуациялады

Атыраулық құтқарушылар тұрғындарды қайықпен эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Атыраулық құтқарушылар тұрғындарды қайықпен эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының автожолынан су асып толып кетті.

25 мамырдан бастап құтқарушылар күшімен Талдыкөл ауылының тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 2206 адам, оның ішінде 197 бала тасымалданды. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтарына "Шерп" арнайы техникасымен азық-түлік жеткізіледі.

Айта кетейік, ТЖМ мәліметінше, халықты тасымалдау таңғы 08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің төмендеуі байқалады, бүгінгі таңда су деңгейі 1004 см. Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен нысандарды су басу фактілері жоқ.

Атырау қаласындағы эвакопунктте орналасқан тұрғындар өз үйлеріне ішінара оралып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина