Алматы әуежайының президенті ауысты

Гөкер Көсе Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа президент бұған дейін Париждегі Шарль де Голль және Орли әуежайларындағы инвестициялық жобаларды басқарған.

Алып Ер Тоңа Ерсой Алматы әуежайының президенті қызметінен 16 маусымда кетеді. Ол 2021 жылғы маусымынан бері бұл әуежайды басқарды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз