Утилизациялық алым есебінен олигархтар байып жатыр ма? Үкімет жауап берді

Утилизациялық алым есебінен олигархтар байып жатыр ма? Үкімет жауап берді
Фото: depositphotos.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда утилизациялық алым есебінен олигархтар байып жатыр деген мәселеге пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Утилизациялық алым – жанама салық. Одан түскен қаржы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ арқылы жұмсалады. Бұл салық болмаса, экологияға бюджет қаржысын жұмсауға тура келеді. Сондықтан (утилизациялық алым) салық саналады. Салықты ешкім төлегенді ұнатпайды. Бірақ оны төлеу керек. Жұмсартып айтсақ, (утильалым есебінен) олигархтар байып жатыр деп айту дұрыс емес. "Жасыл даму" АҚ-да утильалымнан түскен қаржының қалай жұмсалатынын сұрай аласыздар. Оны ұрлауға болмайды. Оны тиімді пайдалану керек", - деді Роман Скляр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Үкімет басшысының орынбасары бұл салықтан түскен қаржы өндірісті дамытуға, экологияны жақсартуға жұмсалатынын жеткізді.

Бұған дейін утилизациялық алым есебінен олигархтар тобы байып жатқаны туралы хабарланған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен