Павлодарда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен

Павлодарда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеп. 

Басылым мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Облыстық ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, 4 маусымда сағат 14.38-де жеңіл көлік өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Тілсіз жау шақыру түскен сәттен бастап өртсөндірушілердің күшімен 13 минут ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Ведомство азаматтарды сақ болуға шақырды. Егер көлікте қозғалыс кезінде өрт шықса, дереу көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіру қажет және барлық жолаушыны сыртқа шығару керек.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!