Алматыда дәмхана қызметкерлері өзенде қоқыс жәшігін жуған

Алматыда Тереңқұр өзенінде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды. Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады.

Бұл дерек бойынша мекеменің әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды.

Айыппұл мөлшері - 30 АЕК, 110760 теңге.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!