Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды.

"Олар жануарлар обасын анықтайтын тест-жүйелерді сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл ретте тест-жүйелері нақты жеткізілмеген. Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек