Алматыда лауазымды тұлға сотталды

Алматының ветеринарлық қызметінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды.

Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест жүйелерді нақты жеткізбестен, сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде  3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз