СІМ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсінік берді

СІМ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсінік берді
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайды. Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз. Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз", - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растайтынын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан