Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатардың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!