Алматыда "Қуандық Бишімбаевқа" іздеу жарияланды

Алматыда ерекше кастинг жасалып жатыр. Толықметражды фильмге түсуге Қуандық Бишімбаевқа ұқсас актерге іздеу салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер кастингке қатысуы үшін сурет, портфолио және өзі туралы ақпаратты ұсынуы керек.  

Бұл қандай фильм және оны кім түсіретіні әзірге белгісіз. 

Кастинг туралы ақпарат TikTok-тағы Sovet Daniyar Muhituly парақшасында жарияланған. Ал оның парақшасында ALMATY KAZAKHSTAN. STUDIO KAZAKH FILM. SALEM SOCIAL MEDIA деп қана жазылған. 

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз