Алматыда келесі аптада ыстық су өшіріледі

Алматыда "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін коммуналдық қызметтер 10 маусымнан бастап кейбір үйлерде ыстық суды өшіре бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыстық сумен жабдықтау қызметіне жергілікті уақытша шектеулер енгізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Қай көшелер мен тұрғын үйлерде және ғимаратта ыстық су өшірілетінін мына жерден көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!