Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкіліне бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!