Әмір Омарханов жұптық сында "Ролан Гарростың" екінші айналымына шықты

Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Омарханов – Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.

Жекелей сында Әмір алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз