Полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

Ақтауда сот есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

4 маусымда Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының Батыс Қазақстан полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

"Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамырда Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан болатын. Прокуратура іс бойынша толық дәлелдемелік база, екі куәгердің айғақтары және сотталушының кінәсін растайтын басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!