"Мәңгүрт қазақтың істегені ғой". Астанадағы қоқыста жатқан бесік көпшілікті шошытты

"Мәңгүрт қазақтың істегені ғой". Астанадағы қоқыста жатқан бесік көпшілікті шошытты
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде қоқысқа тасталған бесіктің видеосы тарап кетті. Бұған қатысты көпшілік , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны qazplov1 есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 10 мыңға жуық лүпіл басылып, 3000-нан астам пікір жазылған.

@qazplov1 #мусордағыбесік ♬ оригинальный звук - Qaz plov

"Бұрын әлеуметтік желіден осындай видеоларды көрсем, сенбейтін едім. Өкінішке орай, қазақтың бесігі қоқыста жатыр. Бестік бұлай тастап кете алмаймын. Үйімнің шатыры бар, соған апарып қояйыншы. Бұлай қоқыста жатпасыншы. Керек адамға берермін. Біздің тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғой мұны істеп отырған", - деп жазды видео авторы.

"Қайран үйдің төрінен орын бұйырмағаны өкінішті", "қаладағы шала мәңгүрт қазақтың істегені болса керек", "бесік киелі зат", "өте орынды, бақытты бол, бесік киелі", "дұрыс істедіңіз", "керемет, жарайсыз", "тастап кету түгілі, бесіктің бетін ашық қалдырмаған", "не болып барамыз, қазағым-ау" деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы