"Осындай адамдар көп болсын". Желіде қарияның несиесін жауып берген жас жігіттің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде қарияға эксперимент жасаған кәсіпкер екі қарияға ақшалай сыйлық жасады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны dauren_nazarbek есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 43 мыңға жуық лүпіл басылып, 1000-нан астам пікір жазылған. Кәсіпкер халық арасында эксперимент жасап, шашылған жеміс-жидектерді көмектескен екі қарияға ақшалай көмектесті. Біріне қаржылай көмектессе, екіншісінің несиесін жауып берді.

@dauren_nazarbek

Әрбір жасаған жақсылық - тек жақсылықпен қайтады 😌

♬ оригинальный звук - dauren_nazarbek

"Әрбір жасаған жақсылық - тек жақсылықпен қайтады" деп жазды видео авторы."

"Айына 140 мың теңгеге не алған соншама", "осындай көмек беретіндер шықса ғой", "бізге кездессе қашатын шығар ақшасы жетпей", "бірінші әже жақсы екен", "біздің алдымыздан шықпайды екен", "бір алма беріп, 140 мың төледі", "қандай керемет жансың", "рахмет, жігіт, қуаныш сыйладыңыз", "осындай адамдар көп болсын" деп жазды желі қолданушылары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!