10 жылдан бері жасырынып жүрген: Біріккен Араб Әмірліктерінен күдікті экстрадицияланды

Фото: видеодан кадр

Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріс пиғылда пайдалану арқылы ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2010 жылғы қазанда жәбірленушіге АҚШ-тан "Роллс-Ройс" маркалы автокөлікті жеткіземін деп 50 миллион теңгеден аса ақшасын алып, кейін бой тасалаған.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан аса уақыт бойы жасырынып келді.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова