"Тәуіпкершілігі бар" – Шымкентте асырап алған балаларын аяусыз қорлаған отбасының көршілері

6 баланы асырап алып, қинады деп күдікке ілінген отбасының көршілері журналистерге сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олардыің ешбірі бұл отбасымен араласпайтынын айтқан. 

" – Біз оған кірмейміз. Араласпаймыз.
– Кіріп-шығып жүретін бе еді?
– Шығармайды осының ішінен. Есігінен көрмейміз. Сабаққа кетеді. Түстен кейін қайтып келеді.
– Балаларыңызбен ойнамай ма?
–  Жоқ, шықпайды. Ол бұл жерде де оқымайды. Дачада ма, оқиды-ау.
–  Ол кісі жұмыс істей ме?
–  Істемейді-ау.
– Жай үйінде жата ма?
– Тәуіпкершілігі бар ғой.
– Сонда адам қабылдайды ма?
– Иә, адам қабылдайтын. Бірақ қазір ешкім келмей қалды. Өзі де жоқ болып кетті".

"– Танымаймыз ол кісіні сөздің шынына келген кезде. Күйеуім де араласпайды.
– Сонда көршілердің бәрі араласпай ма ол кісімен?
– Білмеймін, басқа көршілер араласса-араласатын шығар. Бірақ біз араласпаймыз".

Білім басқармасы бұл жайтты бақылауға алғанын жеткізді. Ал жасөспірімнің психикалық жай-күйіне мән бермеген мектеп әкімшілігіне сөгіс жарияланыпты.

"Шымкент білім басқармасына қарасты №95 жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісіне ескерту, мектептің педагог-психологы мен әлеуметтік педагогына сөгіс, тәртіптік шарасы берілді. Сот шешімі шыққан соң ресми хабар береміз", - деп хабарлады Шымкент білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күдіктінің үстінен ҚР ҚК-тің 110 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, факті сотқа жолданған. Мамандардың сөзінше, күдікті психикалық ауруының болуына байланысты Алматыда ауруханада жатқан көрінеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз